Адам сіздің сайтыңызда қалу немесе кету туралы шешімді 5 секундта қалай қабылдайды
(Code Nova Evolution: назарды өтінімге айналдыратын UX)
5 секунд. Дәл осы уақыт сізде бар.
Пайдаланушыға сіздің сайтыңызда қалу немесе бәсекелесіңізге өтіп кету туралы шешім қабылдау үшін небәрі 5 секунд жеткілікті.
Ол мәтіндерді оқымайды. Батырмаларды зерттемейді. Ұсақ-түйекке үңілмейді.
Ол жай ғана қарайды да, іштей мынадай сұрақтарға жауап іздейді:
«Маған мұнда бәрі түсінікті ме? Сенім ұялата ма? Қолдануға ыңғайлы ма?»
Егер осы сұрақтардың біреуіне де жауап «жоқ» болса, сайтыңыз клиенттен айырылады. Тіпті бәрін «ережеге сай» жасаған болсаңыз да.
Неліктен бұлай болады?
Өйткені біз өмір сүріп жатқан заманда назар – ең қымбат ресурс.
Пайдаланушы сайттың құрылымын түсінуге немесе қажетті батырманы іздеуге уақыт жоғалтқысы келмейді. Ол алғашқы секундтан-ақ сіздің не ұсынатыныңызды және не үшін дәл сіздің сайтыңызда қалуы керектігін түсінгісі келеді.
Осы 5 секунд мыналарды анықтайды:
-
сенімді;
-
бренд туралы алғашқы әсерді;
-
және пайдаланушының мақсатты әрекет жасайтынын – өтінім қалдыратынын, сатып алатынын немесе сізге хабарласатынын.
№1 қате. Мағынадан гөрі әдемілікке мән беру
Иә, дизайн маңызды.
Бірақ пайдаланушы қай жерді басу керектігін түсінбесе, ең әсерлі визуалдың өзі көмектеспейді.
Біз алғашқы секундтарда адамдардан мынадай сұрақ туғызатын сайттарды жиі көреміз:
«Бұл жерде негізі не істеуге болады?»
Тым креативті қаріптер, «минималистік» навигация, GIF-анимациялар, қозғалыс эффектілері, мағынасын түсіндірмейтін ұзақ ұрандар – мұның бәрі әдемі көрінуі мүмкін, бірақ конверсияны төмендетеді.
UI/UX – бұл өнер емес. Бұл психология мен логика.
№2 қате. Ақпараттың шамадан тыс көп болуы
Барлығын бірден көрсетуге тырысып, бизнес ең үлкен қателікті жібереді – алғашқы экранды ақпаратпен шамадан тыс толтырады.
Үлкен көлемдегі мәтін, көптеген батырмалар, баннерлер, қалқымалы терезелер, слайдерлер, акциялар, компанияның миссиясы мен артықшылықтары – бәрі бір уақытта.
Нәтижесінде пайдаланушының назары шашырайды.
Ол не ұсынылғанын түсінбей-ақ сайттан шығып кетеді.
Жақсы UX – сайттың пайдаланушыға қажетті ақпаратты дәл қажетті сәтте беруі.
№3 қате. Визуалды иерархияның дұрыс құрылмауы
Пайдаланушы бетті толық оқымайды – оны жылдам шолып шығады.
Егер барлық элементтердің өлшемі, түсі және пішіні бірдей болса, көз қай жерге назар аудару керектігін түсінбейді.
Дұрыс визуалды иерархия дегеніміз:
-
ең маңызды ақпарат бірден көрінеді;
-
негізгі батырма жасырынбайды;
-
бет құрылымы пайдаланушыны мақсатты әрекетке жетелейді.
UX – бұл «сәнді» болу емес, «түсінікті» болу.
№4 қате. Сайт сенім тудырмайды
Барлығы әдемі әрі логикалық тұрғыдан дұрыс болса да, пайдаланушы сенімділік сезінбесе, сайттан кетіп қалуы мүмкін.
Сенімді не қалыптастырады?
-
сток суреттер емес, шынайы фотосуреттер;
-
нақты деректер: «5 жылдық тәжірибе», «Бізге 120-дан астам компания сенім артты»;
-
кейстер мен клиенттердің логотиптері;
-
асыра мақтамайтын, сабырлы әрі кәсіби стиль.
Осындай ұсақ бөлшектер адамның санадан тыс деңгейінде жұмыс істейді.
UX-дизайн – бұл тек батырмалар туралы емес. Бұл шынайылық пен сенім туралы.
№5 қате. Микронавигацияның болмауы
Көптеген сайттар тек жоғарғы мәзір мен футерге ғана көңіл бөледі.
Бірақ пайдаланушы көбіне басты бетке емес, ішкі беттердің біріне кіреді.
Егер ол тез артқа қайта алмаса, басқа бөлімге өте алмаса немесе байланыс формасын таба алмаса, бақылау сезімін жоғалтады.
Сондықтан мыналар маңызды:
-
breadcrumb navigation (нан үгіндісі навигациясы);
-
әрбір беттің төменгі жағындағы түсінікті CTA батырмалары;
-
әрдайым көрінетін байланыс батырмасы.
UX – бұл пайдаланушының қай жерде тұрғанын және келесі қадамын әрдайым түсінуі.
5 секунд қалайша сенімге айналады
Code Nova Evolution компаниясында біз интерфейстерді «назар → әрекет» қағидаты бойынша жобалаймыз.
Әрбір блок пен әрбір экран пайдаланушының үш сұрағына жауап береді:
-
Маған не ұсынылып жатыр?
-
Бұл не үшін дәл мен үшін маңызды?
-
Мен дәл қазір не істей аламын?
Алғашқы секундтарды біз таңғалдыру үшін емес, сендіру үшін пайдаланамыз:
Мұнда қауіпсіз. Кәсіби. Және бәрі түсінікті.
Неліктен UX – сатудың ең маңызды құралы?
Жақсы UX пайдаланушының назарын ұстап тұрады.
Ойластырылған дизайн сенім қалыптастырады.
Ыңғайлы құрылым пайдаланушыны өтінім қалдыруға жетелейді.
Осы элементтердің бәрі бірге жұмыс істегенде, сайт қысымсыз әрі навязчивый тәсілдерсіз-ақ сата бастайды.
Өйткені ол клиентке жай ғана ыңғайлы болады.
Ал дәл осы тәсіл ең жақсы нәтиже береді.
Code Nova Evolution тәсілі
Біз дайын шаблондарды көшірмейміз.
Біз пайдаланушыны түсінетін интерфейстерді жасаймыз.
Мақсатты аудиторияның мінез-құлқын зерттейміз.
Құрылымды нақты пайдаланушы сценарийлеріне бейімдеп жобалаймыз.
Пайдаланушы қай жерді басатынын, қай жерде шатасатынын және қай жерде шешім қабылдайтынын талдаймыз.
Назарды бөлетін емес, көмектесетін дизайн жасаймыз.
Нәтижесінде пайдаланушы интуитивті түрде түсінетін сайт пайда болады.
Қорытынды
Сіз жарнамаға, SEO-ға және маркетингке қанша қаражат жұмсасаңыз да,
егер пайдаланушы алғашқы 5 секунд ішінде сіздің кім екеніңізді және не үшін дәл сіздің сайтыңызда қалуы керектігін түсінбесе, қалғанының бәрі мәнін жоғалтады.
UX – бұл жай ғана деталь емес. Бұл – іргетас.
Ал мықты UX-ке ие сайт – жай ғана әдемі витрина емес.
Ол сатуды арттыратын, сенім қалыптастыратын және бизнестің өсуіне ықпал ететін қуатты құрал.
